Жарнама
Мәдениет

ӘСЕТТІҢ ӘСЕМ ӘНДЕРІ-АЙ…

— Мен республикамыздың қай түкпіріне барсам да, халық, тыңдарман қауым әрдайым құшақ жайып қарсы алып, шынайы ықыластарын білдіріп жатады. Өнер адамдары үшін осыдан артық бақыт бар ма? — деген еді ол сол кезде ағынан жарылып. Концерт аяқталған соң бір үйде дастархан жайылып, қонақтарға қазақы дәстүрмен құрмет көрсетілді. Әсет өте көңілді отырды. Осы сәтті пайдаланып, ҚазМУ-ды бітіріп келген филолог мұғалім Қалидолла Ізекенов сөз тиегін ағытып жіберді.
— Қош келдіңіз, Әсет аға, сізге деген құрметтің белгісі болсын, бір әніңізді орындап берейін,- деді ол қолына сырнайын алып жатып. Тебіреніспен орындалған Қалидолланың әнін тыңдаған Әсеттің риза болып бата бергені есімде қалыпты. Марқұм Нариман Үлкенбаев та сол отырыстың сәнін кіргізген еді. Жақында теледидардан Әсет Бейсеуов әндерінің кешін көріп отырып, сол сәттер көз алдыма келді. Абзал азаматтар ортамызда болмаса да, өнердің мәңгілік екені көңіл жұбатады.

Сейілхан ҚАЙЫРЖАНОВ,
Журналистер Одағының мүшесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button