Жарнама
Мәдениет

САЯБАҚТАҒЫ САЛТАНАТ

Наурызды тамашалауға келушілерге «Қазақтелеком» АҚ Атырау филиалының директоры Ерсайын Дүйсемәлиев, арнаулы автобаза мекемесі басшысының орынбасары Химеден Шманов, №3 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмаржан Құрманова жылы лебіздерін білдірсе, №1 қалалық кітапхана қызметкері Шолпан Сұлтанғұбиева бастаған қыз-келіншектер жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже, басқа да ұлттық тағамдардан дәм таттырды.

Атырау көлік және коммуникация колледжінің ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен келін түсіру, бесік тойы, бастаңғы сияқты сахналық көріністермен бірге қазақтың ұлттық әндері шырқалып, билері орындалса, арқан тарту, күрес, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, басқа да спорттық ойындардан сайысқа түскендер аз болмады. Жеңімпаздар мақтау қағаздары, түрлі сый-сияпаттармен марапатталды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button