Жарнама
Мәдениет

“Самала саздар сағымы” мәресіне жетті

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовты еске алып, есті әндерін насихаттау мақсатында мәдени кеш ұйымдастырылды. “Самала саздар сағымы” аймақтық ән байқауының жүлдегерлері марапатталып, арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

ee85c4ac 9edb 4f3a 80d2 cf30045b9e23 1

“Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын” демекші, небір жүрегі әнге құмар өнерпаз жастар қатысқан байқауда Ізбасар Самиғоллаев оқ бойы оза шығып, жеңімпаз атанды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өз сөзінде иісі қазақтың бағына туған, бойына ән-өлеңнің киесі қонған Табылды Досымовтың шоқтығы биік, қайталанбас дара туындыларына ерекше тоқталып, қазақы дәстүрмен ақынның жары Қарлығаш Ибатоваға камзол кигізіп, иығына орамал жапты.

631aa87b b71a 4f43 a7bd 5d757cc22281 1

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облысындағы өкілі, ақын Әлия Дәулетбаева және Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры Бижан Қалмағанбетов жуырда жарыққа шыққан “Самала саздар сағымы” кітабының тұсауын кесті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Б.Қалмағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, ән байқауының жүлдегерлеріне қоғамдық қор атынан арнайы сыйлық табыстады.

55812561 6f37 453d 9da2 2f98d0123e3d

Табылды Досымовтың ұлы, Қазақстан Ұлттық арнасының режиссеры Абыл Аяш, ҚР Ұлттық Ұлан ансамблінің солисті, Республикалық конкурстардың лауреаты Асхат Әмірғалиев және жергілікті өнерпаздар мен байқау жүлдегерлері өнер көрсетіп, театр залына лық толған көрермендерді әдемі әуенге бөледі.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button