Батыс аймақтық жастар фестивалі өтуде

2023 09 21 14 15 30 9 Мәдениет

Жылыой ауданында батыс аймақтық «Biz Jastar» жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданның 95 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан фестивальға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 500-ден астам жас қатысуда.

2023 09 21 14 15 30 1

– Фестиваль аясында «Үздік IT жоба», «Jylyoi cup» Жылыой ауданы әкімінің кубогы, «Би алаңы» би өнері, «Құлсары ажары» атты мобилография байқауы өтуде. Байқау жеңімпаздары фестивальді қорытындылауға арналған гала концертте марапатталады.
Ал бүгін «Үздік IT жоба» мен «Jylyoi cup» Жылыой ауданы әкімінің кубогы байқаулары болып өтті. Үздік IT жобаға 7 үміткер қатысып, І орынды жылыойлық Қуаныш Шалабаев, ІІ орынды атыраулық Эльдар Курмашев және ІІІ орынды жылыойлық Бейбарыс Бекешов алды.

2023 09 21 14 15 30 11


Әзілқойлар сайысына 10 команда қатысып, Ақтөбе облысынан келген «Академия балмұздақтары» бірінші, «Жылыой құрамасы» екінші, ақтаулық «Фараби» командасы үшінші орынды иеленді,- деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Амандық.

Айта кету керек бүгін аудандық мәдениет үйінде би өнерінен «Би алаңы» байқауы өтеді. Іс-шарада заманауи биші Саша Ли шеберлік сағатын өткізбек. Сондай-ақ, кешкісін орталық стадионның автотұрағында гала концерт өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз