Жарнама
Мәдениет

Республикалық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды

Атырау қаласында қазақ музыкасының көрнекті өкілк Болат Қохамановтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Атырау — ардақты өлкем» атты республикалық вокалистер байқауының қорытынды гала-концерті өтті. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен бұл іс-шара композитордың шығармашылығын дәріптеп, қазақстандық жас өнерпаздардың талантына құрмет көрсетуге арналды.

003801ba 13d5 4f49 9999 741f4e935d4d

Болат Қохаманов – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, өз әндерімен тыңдарман жүрегін жаулаған тұлға. Ол туған өлкесі Атырауды әсем әнге бөлеп, ұлт мәдениетіне қосқан елеулі үлесімен ерекшеленеді. Байқау композитордың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша бірнеше өнерпаз түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Алғыс хат иегерлері ретінде Маңғыстау облысынан Ерлан Жақашев, Батыс Қазақстаннан Мира Сүндетова, Қызылорда облысынан Сұлтанханым Қолдаспай және тағы басқа талантты вокалистер аталды.

«Үздік аранжировка» номинациясы Айбар Ғаниұлына («Жер Ана» әні үшін) берілді. «Арнайы сыйлық» номинациясына Досжан Үби (Алматы) мен Ернар Дүйсеев (Ақтөбе) лайық деп танылды. «Үміт» номинациясын Ренат Гайсиннің атынан Батыс Қазақстан облысының өкілі Полина Сармина иеленді.

5e4ee206 e5ff 4bfa 8cff b757ae3384bb

Жүлделі орындарға лайық деп танылған қатысушылардың арасында Атырау қаласынан Гүлсаят Габдулова мен Кентау қаласынан Ерік Төленов III орынды, Индер ауданының өкілі Мұратбек Жұмашев II орынды иеленді. Бірінші орынға Мержан Қабдолов (Атырау қаласы) лайық деп танылса, байқаудың бас жүлдесі Нұр-Сұлтан қаласының вокалисі Айдын Жұмабаевқа табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін байқау лауреаттары мен қазақстандық мәдениет майталмандары – Сембек Жұмағалиев, Марат Сарбупеев, Ренат Гайсин және басқа да танымал өнерпаздар сахнаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Кештің шарықтау сәті композитор Болат Қохамановтың «Атырау-арман» әнін қатысушылардың бірлесіп орындауымен аяқталды. Бұл ән қазіргі уақытта аймақтың әнұранына айналғанын айта кету керек.

eff262c4 9de3 4f23 86dd 80062e6ebe39

«Атырау — ардақты өлкем» вокалистер байқауы қазақ өнеріне жаңа серпін беріп, дарынды жастардың өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасады. Болат Қохамановтың шығармашылығы мен оның рухани мұрасы алдағы уақытта да кеңінен дәріптелмек.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button