Жарнама
Мәдениет

Республика күніне арналған «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті

Бүгін Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кітапханашылар оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, Республика күні — Ұлттық мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Тарихтан сыр шертетін құнды кітаптар мен басылымдар кітапхана оқырмандарына, мектеп оқушыларына таныстырылды.

  • Бүгінгі көрменің негізгі мақсаты — Тәуелсіз Қазақстан туралы, сондай-ақ егемендігіміз бен тарихымыздан сыр шертетін әдебиеттерді ұрпаққа насихаттау. Келушілер кітап көрмесімен танысып, тарихқа қызығушылықтарын білдіріп жатыр, деді кітапхана директоры Сара Ізмұханбетова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button