Қылқалам шеберлерінің ғажайып туындылары қойылды

s 2 Мәдениет

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өткен көрме Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына керемет мәдени-рухани демалыс сыйлады. Суретшілер одағының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада жергілікті қылқалам шеберлерінін, қолөнер шеберлерінің туындылары кеңінен насихатталды.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов Атырау суретшілері филиалының есеп беру көрмесін салтанатты түрде ашып, көрме жұмысына сәттілік тіледі.

suret1

– 1981 жылы қалалық партия комитетінің басшылары қолдау көрсетіп, Атырауға Алматыдан Жоламан Аралбаев, Хами Айтқалиев, Саламат Өтемісов сынды белгілі суретшілерді алдырып, арнайы көрме зал ашып берген болатын. Осылайша, суретшілерге шығармашылықпен айналысуларына толыққанды жағдай жасалған еді. Сол одақ филиалынан көптеген суретшілер шығып, табысты еңбек етіп, елге танылды.

s 3

Бүгінде аға буын суретшілердің мектебінен тәлім алған шәкірттері шығармашылықпен айналысып, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылып жүрген көрмелер мен шараларға қатысып келеді. Қылқалам шеберлері арасында суретші-профессорлар, академиктер, аға оқытушылар, жеке кәсіпкерлер, депутаттар, тіпті монументалды кескіндемешілермен қатар қолөнершілер, театрдың сценограф-суретшілері де бар. Олардың жұмыстары жеке топтамаларда, қызмет ететін мекеме ғимараттарында, жеке қорлар мен Ш.Сариев атындағы Облыстық өнер музейінде сақтаулы.

Атырау облыстық суретшілер филиалында Қазақстан Суретшілер одағының 26 мүшесі есепте. Олар талай республикалық, халықаралық жолдады. симпозиумдарға қатысып, байрақты бәсекеде топ жарып жүрген қылқалам шеберлері, – деді тың туындылар ұсынылған көрменің ашылу салтанатында сөз алған Суретшілер одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұхтар Шеруен.

s 4

Суретшілер одағының мүшесі, Махамбет Өтемісұлы атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты Бақтыгерей Телеубай да жүрекжарды тілегін жолдады. Қазіргі таңда Ш.Сариев атындағы өнер музейі мен облыс суретшілерінің арасында берік байланыс орнаған. Алдағы уақытта жергілікті өнер иелерінің туындылары жинақталған ҚР- Суретшілер одағы Атырау облыстық филиалының каталогы жарыққа шығатын болады.

Көрменің салтанатты ашылуына арналған лента кию рәсімінен соң қала тұрғындары мен меймандары және оқу орындарының студенттері көрмені тамашалады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз