Жарнама
Мәдениет

Құрылыс саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

dec5bd76 f011 4f66 9909 ee9a81d84ea9 1

Кәсіби мерекеге орай өткен бұл іс-шара — құрылыс саласының ардагерлері мен мамандарына көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.

Мерекелік жиын театр фойесінде басталып, қонақтарды Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ансамблі әуезді әнмен қарсы алды. Сонымен қатар фойе аумағында арнайы ұйымдастырылған шағын фуршет шараның мазмұнын толықтырып, қонақтардың көтеріңкі көңіл-күйін арттыра түсті.

81410c2d b03a 4fd1 96c9 dcc4e16b881b

Салтанатты кеш бейнероликпен басталып, «Top Dance KZ» ансамблі «Мен – құрылысшы» хореографиялық қойылымын ұсынды. Құрылысшы мамандығының маңызын өнер арқылы жеткізген бұл қойылым көпшілік көңілінен шықты. Одан соң жүргізушілер сахнаға шығып, жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, жиынды ресми түрде ашты.

571c4ac3 a68c 4fdd 9577 5da8061fbf06

Салтанатты жиында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сөз сөйлеп, құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтады:

06d356a2 74bb 4f28 904f 2c77ba781413

– Құрылысшы – ұлт игілігіне қызмет ететін аса маңызды мамандық. Қазіргі таңда Атырау облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бұл – сіздердің маңдай терлеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің, ұлт алдындағы адал еңбектеріңіздің жемісі. Сіздердің қолтаңбаларыңыз бүгінде әрбір елді мекеннің келбетінен көрініс тауып отыр. Ел мүддесі үшін еткен еңбектеріңізге зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін, – деді Қайрат Талапұлы.

2f4a9c33 9c0c 4d16 8eb3 8ca478b82dbb

Салтанатты жиын барысында құрылыс саласына елеулі үлес қосып жүрген мамандар түрлі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Атырау облысының әкімі және облыстық мәслихат төрағасының атынан табысталған алғыс хат иегерлері бар. Марапатталғандар арасында еңбек ардагерлері, инженерлер, прорабтар, учаске шеберлері және сәулет бөлімдерінің білікті мамандары болды.

ee7a3782 35d3 4356 a9d9 3da415a0c96b


Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. «Мерует» үлгілі би ансамблі қазақ биін орындаса, Н.Жантөрин атындағы филармония әншісі Айбар Ғаниұлы әсерлі әнімен көрермен ықыласына бөленді.

f1de7492 9757 44c9 aad7 1671b82c1141

Сонымен қатар, кеш қонақтарына арнайы келген эстрада жұлдыздары мен «Заман» тобының өнері мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті.

1aab64a8 d1e9 443f 8d72 08cb883ddf14


Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button