Жарнама
Мәдениет

Құрманғазы сарайының сахнасында – исатайлықтар 

Атырау қаласының 382 жылдығына орай облыс орталығында Исатай ауданының күндері өтті. Концерттік бағдарлама «Нарынның Атырауға саз сәлемі» деп аталды.

​Сазды бағдарламаның шымылдығы Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылды. Одан кейін Құрманғазының «Балбырауын» күйі төгілді. Келесі өнер кезектері дәстүрлі және халық композиторларының әндерімен жалғасты. Оның ішінде,Кенен Әзірбаевтың  «Көкшолақ», сондай-ақ Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың әндері шырқалды. Бұл күні ежелден өнер қонған өңірдің есімдері елге белгілі тұлғалары, күйшілік дәстүрдің қадауын қағып, уығын шаншыған, мектебін қалыптастырған Баламайсаң, Есжан, Ғиылман, Жаңбырбай, Хисмет, Шәмшидан, Ғибатолла, Әзидолла, Қаршыға, Айгүл сынды тарланбоздардың бүгінгі ізбасарларының да аз еместігі аңғарылды. Ал, талантты ақын, танымал термеші Қожантай Сыдихов «Атырау – менің мақтанышым» арнау әнін шырқады. Сонымен бірге Қазақстан композиторларының шығармалары мен мың бұралған биге де кезек берілді. Концерттік бағдарлама «Қазақ елі» әнімен аяқталды.

​Бір сөзбен түйіндегенде, олар Атырауға киелі де кең Нарынның саз сәлемін жеткізгендей әсер қалдырды. 

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button