Құрманғазы ауданында Батыс аймақтық ақындар айтысы өтеді

1c7b3b77 018c 4c51 b8a9 d4e1f361e104 Мәдениет

23 қазан күні Құрманғазы ауданының орталығындағы С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен, «Құрманғазы ауданының 95 жылдық» мерейтойына арналған «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазым!» атты Батыс аймақтық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жыр додасында еліміздің батыс аймақтары мен облыс аудандарынан таңдалынып алынған 8 ақын бақ сынамақ. Атап айтсақ, Айнабек Бейсенғалиев (БҚО), Жанболат Әлиев (Маңғыстау облысы), Самар Орынбай (Ақтөбе облысы), Серікбол Панабердиев (Атырау қаласы), Серік Қойшығұлов (Махамбет ауданы), Нұрбейбіт Нұғыманов (Құрманғазы ауданы), Нұрболат Нұғманов (Исатай ауданы), Салауат Кәрімұлы (Қызылқоға ауданы). Жыр жәрмеңкесінің жүргізушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров. Ал, қазылар алғасының төрағасы, белгілі ақын Мүтиғолла Ғани болмақ.

-Халқымыздың көнеден жеткен бекзат өнері – айтыс арқылы ана тіліміздің құдіретін паш ету – басты міндет. Сондай-ақ, ұлттық болмыс пен отансүйгіштік рухты көтере отырып, өскелең ұрпақтың өлең-жырға құштарлығын оятып, күй атасы Құрманғазының есімі берілген ауданның 95 жыл мерейтойын атап өту – басты мақсат,- деді С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов.

Айта кетейік, жыр додасың үздігіне 500 000 теңге ақшалай жүлде беріледі. Жалпы ақындар бәсекесі 2 млн 838 мың теңге қаржыға ұйымдастырылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз