Атырауда республикалық ақындар айтысы басталды (+ФОТО)

img 20201120 wa0014 Мәдениет

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған «Қалың елім, қазағым!» атты Республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Қазақстан жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырып отырған жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 24 ақын қатысуда.
Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бақытгүл Хаменова жыр жүйріктерін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.
Айтыстың жүргізушілік тізгінін Жүрсін Ерман өз қолына алды. КСРО және Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы екі күнге созылатын додада айтыскер ақындар өнеріне баға бермек.
Айта кетейік, «Қалың елім, қазағым!» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі ертең Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

img 20201120 wa0017
img 20201120 wa0015
img 20201120 wa0016
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз