
«Қолөнер – зор өнер» жобасы мәресіне жетті
Қолөнер – ұлттың жаны, тарихы мен дәстүрінің айнасы. Облыста «Қазақия» қоғамдық қоры биылдан бастап іске асырып жатқан «Қолөнер – зор өнер» жобасының жабылу салтанаты өтті.

Бұл жоба 10-15 жас аралығындағы балалардың шығармашалығын дамытуға, ұлттық қолөнер дәстүрлерін жаңғыртуға және жас ұрпақтың мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, бірнеше шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Жоба жетекшісі Жанар Төрениязқызы қазір Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандары белсенділік танытып жатқандығын айтты.
-Қолданбалы-сәндік өнермен айналысатын оқушылардың өз қолдарынан шыққан бұйымдары көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінде бұл іс-шараға Құрманғазы, Мақат, Махамбет, Қызылқоға аудандары белсенділік танытуда. Сонымен қатар оқушылар көрме аясында майлы бояумен жұмыс жасап, киімге сурет салу, тоқыма, әшекей бұйымдарын жасау мен ою-өрнек ойып үйренеді, — дейді жоба Ж.Төрениязқызы.
Сондай-ақ, үздік деп танылған 5 жұмыс халықаралық «Zhuldyz art Kazakhstan» байқауларына қатысады.
Тоғжан ЕРМЕК