
Мәдениет
Қазақтың жүрек үні
Менің елім – күй елі. Қоңыр қырда есіп тұратын самалдай, күмбірлеген күй де менің бала күнімнен құлағыма сіңді. Домбыраның үні мені тербетіп өсірді. Мен күйге ғашық, күймен тыныстаған ұрпақпын. Әр пернесі шежіре сыр шерткен қасиетті домбыра қолыма алғаш тигені жүрегімде ұмытылмас сәт боп қалды.
Домбыра менің ішкі әлемімнің тілі секілді. Қуансам бірге күмбірлейді, жабырқағанда жұбатады. Күй тартқан сәттерде өзіңмен өзің оңаша қалып, халқымның тарихымен тілдескендей боласың. Бабамның мұрасын бүгінгі күнге жеткізу – мен үшін парыз, болашаққа аманаттау – міндет.
Әр қазақ баласы домбыраны бір рет болса да қолына алып, оның үнін естіп көрсін деймін. Себебі домбыра – тек ұлттық өнердің емес, ұлттық рухтың да қайнары.
Ұлан САЙФЕДЕН,
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті