Қазақстандық жас өнерпаздар Дубайда өткен халықаралық байқауда топ жарды
Қазақстандық жас өнерпаздар Дубайда өткен «Джумейра Саундз» («Jumeirah Sounds») халықаралық байқауына қатысып, топ жарды.
6 елден келген талантты музыканттар сайыста бақ сынады.
Дубайдағы белгілі Стэйн Уэй Холында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауда қазақстандық өнерпаздар бақ сынады.
Байқау жетінші мәрте жас музыканттардың көркемдік қабілеттері мен музыкаға деген құштарлығын, дарынын анықтайтын мақсатында өтуде.
Раиса Мұсақожаева, казақ ұлттық өнер университетінің профессоры, байқауды ұйымдастырушы:
— Байсейітова мектебінен ансамбль скрипачей гран при алды. Биылғы конкурста біз қуанып отырмыз Индиядан келген қыз бала гран при алды. Керемет ойнады, скрипкашы. Біздің өнерпаздарымыз Академиялық вокалдан гран при алды.
Айымжан Жалғасбай, байқаудың гран-при иегері:
— Гран-при дегенде қатты қуанып жылағым келді. Олар жарайсың деді, ағайым сен жақсы айттың деді. Жеңіп алған бас жүлдемді Қазақстан, қазақ халқына және отбасыма арнаймын.
24.kz