Жарнама
Мәдениет

«ӨЗІҢ ОҚЫП БОЛСАҢ, ӨЗГЕГЕ БЕР!»

 

Жас тілшілеріміз Исатай-Махамбет алаңы саябағындағы буккросинг ұяшықтарына кітап толтырып, жастарды кітап оқуға, жалпы қызығушылығын арттыруға жұмыстанды. Жан азығын жаңғырту үшін пайдасы бар аталған қозғалысты ұйымдастырушылар өз мақсаттарына сай орнықтырып, барша оқырманды кітап оқуға шақырды. Орындықтарға «Өзің оқып болсаң, өзгеге бер!» деп аталатын парақшалар іліп, көркем әдеби кітаптармен толтырды! Бір ескерте кететін жағдай – оқырманның кітапты өзімен бірге алып кетуіне болмайды. Егер  кітап қызықтырса, онда оны басқа кітаппен алмастырып, кітаптың орнын толтыруы шарт.

«Атырауда  басталған бұл игі бастама басқа аудандарымызда өз жалғасын тапса» деп тілек білдірді оны ұйымдастырушылар. Ол үшін әркім буккросинг ұяшықтары бар кез келген орынға қазақша кітаптар апарып, оқырмандарға тегін ұсынуы (мүмкіндігінше жаңа, қызықты, сапалы кітаптар) қажет. Бұл шараны ұйымдастырушылардың бірі Н.Қалимолдаева: «Меніңше, мұндай шараны әр қалада жиі-жиі ұйымдастыру керек. Сонда ғана біздің руханиятымыз өз дәрежесінде дамитын болады. Осы эстафетаның ойдағыдай өтуіне үлкен үлес қосқан достарыма алғысым шексіз. Ендігі эстафетаны астаналық достарым, «Жас өркеннің» жас тілшілеріне табыстадым!» — дейді.

Мөлдір ІЗТҰРҒАНОВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика бөлімінің бірінші курс студенті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button