Жарнама
Мәдениет

ӨТКЕН ТАРИХЫМЫЗ – ФОТОСУРЕТТЕР ТІЛІМЕН

 

Көрмеге фотосуретшінің және замандастарының 22 туындысы қойылды. Соның ішінде Бауыржан Момышұлының 1976 жылы түсірілген фотосуреті де бар екен.

— Бауыржан Момышұлы – есімі аңызға айналған полковник. Мінезді адам болатын. Кез келген адаммен сөйлесе бермейтін. Бірақ, барғанымда мені жылы қабылдап, емен-жарқын әңгіме құрдық. Сол кезде түсірілген сурет әлі күнге дейін тарих болып сақтаулы. Аталған фотосуретті осы көрмеге алып келдім. Бұдан басқа да тарихтан сыр шертетін, өткен күнді сөзсіз көз алдымызға әкелетін жүзден астам туындыларым бар. Мен үшін фотосурет – ол өнер. Себебі, қылқалам шеберлері бояулы суреттерді қалдырса, фотосурет ресми деректі тарих іспеттес, — дейді Нұрғожа Жұбанов.

Шараны ұйымдастырушы – «Фото-өнер» қоғамдық бірлестігі. Аталған бірлестіктің төрағасы Асылхан Әбдірайымовтың айтуынша, көрмеге фотошежірешілердің белгілі тұлғаларды түсіріп алған қайталанбайтын туындылары қойылған.

Сол туындыларды жастарға көрсету, насихаттау мақсатында қолға алынған шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері және Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушылары қатысты.

Мұражай директоры Ж.Зайдуллин келген қонақтарды құшақ жая қарсы алып, көрмені жан-жақты таныстырды.

 

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button