Өңірде тоғыз мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде
Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациылар қызметі.
Қазіргі таңда Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Исатай, Жылыой аудандарында барлығы тоғыз мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, олар Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылындағы 100 орындық, Көптоғай ауылдық округіндегі және Бірлік, Бөкейхан ауылдарындағы 300 орындық мәдениет үйі. Сонымен қатар Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында 400 орындық, Қарабау ауылында және Исатай ауданындағы Нарын ауылында 300 орындық, Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылы мен Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
-2023 жылы мәдениет сала бойынша Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында 300 орындық мәдениет үйі мен Жылыой ауданы Шокпартоғай және Майкөмген ауылдарында 200 орындык мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Махамбет ауданы Сарайшық ауылында Сапар орталығының құрылыс жұмыстары толықтай ақталып, қазіргі таңда теңгерімге беру үшін құжаттары рәсімделуде,- деді Н.Құсайынов.
Айта кетейік, аталған мәдени нысандардың құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталады.