Жарнама
Мәдениет

Өнерлі өрендер топ жарды

Атырау облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Алтын Жұматина»өнер мектебінде вокал, дәстүрлі ән, домбыра, ұлттық би  жанрлары бойынша тегін оқып жатқан өнерпаздар Грузияның Батуми қаласында өткен Халықаралық конкурстан жүлделі орындарды иеленді.

b73fa4b7 99ce 4a54 8207 a1a396cf8778

– Шілде айының 17-інші жұлдызында Грузияның Уреки аймағындағы Мәдениет үйінде Қазақстан, Грузия, Беларусь пен Өзбекстан елдерінен келген талантты өнерпаздар үлкен сахнада өз өнерлерін көрсетті. Келесі күні Батуми қаласындағы амфитеатрда гала концерт пен марапаттау кезеңі жоғары деңгейде өтті. Гала концертке әділқазылар шешімі бойынша мектебімізден вокал жанры бойынша Мақсат Манас, Камилла Лепенова, Арыстан Нығметолла, Дария Рамазан, ұлттық биден «Корей» биімен Айару Тұрсынғали мен Әмина Владимир, ал дәстүрлі әннен Саида Серікқызы өнер көрсетті. Вокал, дәстүрлі ән, домбыра мен ұлттық би жанрлары бойынша I орынға Мақсат Манас, Саида Серікқызы, Айару Тұрсынғали, Әмина Владимир, II орынға Арыстан Нығметолла, Камилла Лепенова, Дария Рамазан және Жалғас Исмагулов, Мақсат Манас, Құралай Хамиева, Серік Эльдар {квартет), III орынға Регина Шауенова мен Арина Серікбай Бибіфатима Қаділжан қол жеткізсе, «Altyn-Alma» би тобынан Амира Сағындық, Дана Ерсаин, Інжу Владимир, Аида мен Айзия Рафик те жүлделі болды. Бұл үлкен додадағы, үлкен жеңісіміз, — деді өнер мектебінің басшысы Алтын Жұматина.

Оның айтуынша, Әділ қазылар алқасы Түркия, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Украина елдерінен келген өнер майталмандарынан құрылған.

Конкурсқа балаларды дайындаған жетекшілер Аида Өмірғали, Нұркен Ізтілеуов, Мерует Сейтова, Элеонора Сәлімгереева, Айнаш Забиханованың еңбегі ерекше.

b6f3c723 1d1d 49c0 b232 72dc20ebd666

Халықаралық додада топ жарып, еліміздің атын алысқа танытқан өнерлі өрендерді оларды осы жолға баулыған білім ордасының жетекшілері мен ұстаздарын олардың ата-аналары және әріптестері Атырау халықаралық әуежайында сән-салтанатпен, зор қошеметпен күтіп алды.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

One Comment

  1. Алтын Жуматина атындагы онер мектебинин халыкаралык байкауга катысып жулдели 1.2.3 орынга ие болган женимпаз балаларды шын журектен куттыктаймын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button