Жарнама
МәдениетЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Өмір айнасы өз мерекесін атап өтті (+ФОТО)

Көктемде аталып өтетін Халықаралық театр күні – театр ұжымдары мен өнер иелерінің шығармашылық шабыты шалқып, одан әрі шарықтауына серпін беретін бірденбір мерекесі. Жыл сайын жаңа сипатта ерекше тойланатын өнер иелерінің мерекесі өткен аптада Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті.

Театр тәртібі өзгерген

С а қ т ы қ ш а р а л а р ы н қаперден шығармаған ұжым қ ы з м е т к е р л е р і т е а т р ғ а келушілерден ара қашықтықты сақтап, санитайзер қолданып, бетперде т ағуды ұмытпау қ а ж е т т і г і н к і р е б е р і с т е н ескертті. Бұрын киім ілгіштен б а с т а л ат ы н т е ат р т ә рт і б і сәл өзгерген екен. Шектеу шараларының бо саңсымай т ұ р ғ а н ы н а қ а р а м а с т а н көрермендер көп болды. Бәрі де жақсыны көрмекке асығады ғой. Ата-әжесі мен ата-анасынан қыл елі қалмай ілесіп келген бүлдіршіндердің де көңіл-күйі көтеріңкі, жүздері жарқын. Сахна төріндегі лэд-экранда театр бейнеқорынан үзінділер көрсетіліп тұрды.

Академиялық драма театрдың ізбасары саналатын «Жастар» театрының жастары би билеп, көрермен көңілін бір көтеріп алды. Саналы ғұмырын саф өнерге арнап, театр қабырғасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагерлер мен орта буын саңлақтар сахнаға шақырылып, алдын-ала дайындалған алдыңғы қ ат а рд а ғ ы о р ы н д ы қ т а р ғ а жайғасып, ерекше қошеметке бөленді. Қазақтың қара домбырасы мен тарихы үндістерден б а с т а л а т ы н с к р и п к а н ы ң сүйемелдеуімен шалқыған Құрманғазының «Адайы» да шараның көркін қыздыра түсті. А й тул ы м е р е ке ге о р а й Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымына сәттілік тіледі.

  • – Елдік пен бірліктің, ұлт пен рухтың нығаюына өнердің қосатын үлесі айрықша. 80 жылдан астам тарихы бар Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры батыс аймағындағы өнердің қарашаңырағы десек те болады. Бұл жерден талай сахна саңлағы түлеп ұшып, театр майталмандары қанат қақты. Театрдың негізін қалаған Қуат Төлеков, Алма Ахметова, Зарифа Сүлейменова, Жұпар Манапова, Әбіл Қизатов, басқа да халық алғысына бөленген тұлғалар жетерлік. Іргетасы 1938 жылы қаланған театрға 2 0 1 8 ж ы л ы а ка д е м и я л ы қ атағы берілді. Бұл – ұжымның қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қажырлы қайраты, орасан еңбегінің арқасы. Театрдың д а м у ы н а ө л ш еу с і з е ң б е к сіңірген өнер қайраткерлері Чапай Зұлхашев, Рахымжан Отарбаев, Төлеген Қуанышев, Те м і р б ол ат Қ ы д ы р ғ а л и е в секілді ағаларымыздың еңбегі театрдың бұдан да биік сатыға көтерілуіне үлес қоса бермек. Сәуір айында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өнер адамдарымен кездесу ұйымдастыру жоспарланып отыр. Келер жылдан бастап, мәдениет пен өнер қызметкерлерінің баспана мәселесін біртіндеп шешу де ойда бар. Расында, тұрмыс жағдайы келіскен, жаны тыныш адам ғана шынайы жұмыс жасай алады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, марапаттар еселенсін. Атыраулық өнер тарландарының есімі елден асып, әлемге танылуына тілектеспін. Өнерлеріңіз өрістей берсін! – деген Бақытгүл Қайыржанқызы жуырда ғана жол апатынан қаза болған театр мақтанышы, талантты актриса Әсел Салауатқызының қайғылы қазасына байланысты ата-анасына, ұжым мен жиналған халыққа көңіл айтты.

Еңбек елеусіз қалмайды

Салтанатты шарада елеулі еңбегімен көрініп, сахна өнерінің өрістеуіне зор үлес қосып келе жатқан тарландар лайықты м а р а п ат т а л д ы . А к т е р л е р Ержан Жұматов, Гүлбаршын А й т қ а л и е ва м е н су р е т ш і Темірбек Мұхтаров – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болса, Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы актерлер Бекет Зинуллин, Нұрбек Съезханға табысталды. «Еңбек үздігі» медалімен театр қызметкерлері Нәсиполла Төлепқалиев, Гүлнәр Мәдиева, Тынжан Ысқақова, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен актерлер Гүлнұр Қайырлиева, Шынар Рамазанова, Архат Мұхамажитов, театр қызметкері Батиха Зұлқашева марапатталды. Облыстық мәслихаттың Алғыс хаты белді актерлер Асланбек Жанбалаев, Бақытжан Өтеғалиев, Асылбек Бәдел, Меруерт Танашева, театр қызметкері Зәмзагүл Күзденғалиеваға тапсырылды.

Тағы бір топ қызметкерлер Ат ы р ау қ а л а с ы ә к і м і н і ң , облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен театр ұжымының Алғыс х а т т а р ы ж ә н е к ә с і п од а қ төсбелгісімен марапатталды. Көрермендер мерекелік ш а р а н ы ң к ө ң і л тол қ ы т а р сәтіне де куә болды. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменов болашағынан зор үміт күттірген дарынды актриса Әсел Салауатқызы жыл қорытындысы бойынша Көркемдік кеңестің шешімімен ««Жастар» театрының жыл актрисасы» болып танылғанын айтты.

  • – Бұл – Әсел қызымыздың небары екі жылдық еңбегінің жемісі. Ұлттық театр өнерінде ол қазақтың мақтаулы тұлғаларымен жұмыс істеп, елеулі еңбек етті. Әселдің анасы Самал Жұбатханқызы бүгін біздің ортамызда. Сіздің басыңызға түскен қайғы біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Бірақ, шын дарын ешқашан ұмытылмайды, — деді театр директоры.

Кенеттен қиылған қыршын ғұмыр иесі Әселдің анасы Самал Жұбатханқызы сахнаға көтеріліп, қиын шақта демеу болған театр ұжымы мен көрермен қауымға шынайы ризашылығын айтты. Дәл осы аталымға театр актері Сағдат Мұратұлы да лайық деп танылды.

Өткеннен – өнеге, кейінге – мұра

Т е а т р ұ ж ы м ы ө н е р ордасының негізін қалап, өркен жаюына сүбелі үлес қосқан ардагерлердің есімі келер ұрпақтың жадында қалуы үшін олардың атындағы арнайы сыйлықтарды лайықтыларға табыстауды дәстүрге айналдырған. Б и ы л Қ у а т Т ө л е к о в атындағы аталымға – актер Нұрбек Съезхан, Алма Ахметова атындағы аталымға – актриса Айнагүл Мұхтарова, Төлеген Қуанышев атындағы аталымға – а кт е р Е р ж а н Ж ұ мато в , Рахымжан Отарбаев атындағы аталымға – суретші Темірбек Мұхтаров, Чапай Зұлхашев атындағы аталымға – қоюшы режиссер Жанат Телтаев, Зарифа Сүлейменова атындағы аталымға – актриса Тұрсынгүл Аманғалиева, Жұпар Манапова атындағы аталымға – актриса Ғазиза Бисенова лайық деп танылған. К ө р е рм е н к ө з а й ы м ы н а айналған тағы бір топтың да осы шарада еңбектері еленді.

«Жан» қойылымындағы Абай ролі үшін – Бекет Зинуллин, «Айман-Шолпандағы» Жарас образы үшін – Райымбек Қаденов, «Толқындар жағада ө л е д і » қ о й ы л ы м ы н д а ғ ы Азиз бейнесі үшін – Ұлжан Ғимранова, «Клеопатрадағы» Клеопатра-2 ролі үшін – Аружан Сағындықова, «Үйленудегі» Фекла Ивановна образы үшін – Жасұлан Қайыров үздік деп танылды.

Жыл сайын сүбелі еңбек еткен режиссерлер, образдарды айрықша сомдаған актерлер, қанық суреттерімен тәнті еткен суретшілердің де маңдай тері лайықты бағасын алады. Солардың қатарында есімдері аталған Тимур Қойысов – «Жыл суретшісі», Гүлназ Қамысбаева – «Жыл режиссері», Нұргүл Шманова – «Жыл актрисасы», Мырзабек Мақұлов – «Жыл актері» ретінде мерейлері үстем болды. Те ат р күн ін е арн а лғ ан арнайы шара соңында театр ұжымы мен көрермендер естелік суретке түсіп, жылы әсермен тарқасты.

Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

pvavvpav
avpeveukeuk
vpavpeke
prarararoparoparopar
prararara

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button