НҰРТІЛЕК ҒАРИФОЛЛА – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

73a3a021 06ab 4777 98a6 fe3a08b27941 Мәдениет

Талқайраң негізгі мектебінің 6-шы сынып оқушысы Нұртілек Ғарифолла «Арайлы алтын күз» ерекше балаларға арналған шығармашылық байқауында жеңімпаз атанып, мектеп абыройын асырды.
Байқауға қатысуға облыс көлемінде ерекше ынта білдірген оқушылар көп болды. Сайысқа қатысушы оқушылар күз мезгілін өз көздерімен суреттеп, шығармашылық ой-қиялдарының ұшқыр екендігін көрсете білді. Нұртілек Ғарифолла мұндай сайыстарға алғаш рет қатысып отырмағандығын, алдағы уақытта білім мен біліктілікті сынайтын өнер жарыстарына қатысып, өзін дамыта беретіндігін айтады.

  • Талқайраң мектебінің директоры Әліпқали Үмбетұлына, сынып жетекшім Аяужан Салауатқызы мен педагог-психолог Марал Талғатқызына сенім артқандары үшін зор рақмет айтамын! Өзге де мектеп оқушыларының жетістіктері көп болсын! Мектеп атын шығаруға атсалысатын боламыз,-деді Нұртілек Асхатұлы.
    Нұртілектің атасы Бауыржан Қабдрахманұлы мен әжесі Марал Әбілғазиева немерелерінің кезекті жеңістеріне қуанып, оза шапқанына дән риза.

Алмас ҚАБДОЛТЕГІ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Aktolkyn

    Нұртілек кезекті жеңісің құтты болсын! Біз сенімен мақтанамыз!

  2. Айгуль

    Керемет!Өнерлі бала екен!Әліде улкен белестерден көріне берсін!

  3. Алмас

    Ақтолқын, Айгүл пікірлеріңізге көп рақмет!