Жарнама
Мәдениет

«НҰРСАЯДАҒЫ» МЕЙРАМ

Наурыз тойына тігілген қос отаудың бірінің иесі «Светландойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Бас директор Иосиф Шмальдың айтуынша, құрылғанына келер жылы ширек ғасыр толатын кәсіпорында бүгінде 60-тан астам адам еңбек етуде. Қызметін облыс орталығынан 270 шақырым қашықтықта орналасқан «Октябрьское» кен алаңында жалғастырған серіктестік ұжымы 1993 жылдан бері қарай «қара алтын» өндіріп келеді. Содан бергі жиырма жылдан астам мезгілде мұнда өндірілген мұнайдың көлемі бастапқы кездегіден он есеге дейін көбейген.

Жыл басы–Ұлыстың Ұлы күніне орай осы жерде «Атаба» сауда орталығы атынан да қазақтың киіз үйі тігілді. Ұлттық киімдегі қыз-келіншектер мерекелей келгендерге дайындаған дәм-тұздары мен жеті түрлі тағамнан әзірленген Наурыз көжелерін ұсынуда. Қай кезде де облыс орталығында ұйымдастырылатын мерекелік шаралардың бел ортасынан табылатын «атабалықтар» бұл жолы да сол үрдісінен жаңылмады.

Айтпақшы, бұған дейін қаламыздағы «Атаба» супермаркеттер жүйесіне қарайтын 25 сауда нүктесінің барлығында да «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясы өткізілді. Ал, шаһарымыздағы арнаулы орта кәсіби білім беру орындары мен мектептердің өнерлі өрендері өз күштерімен дайындаған концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button