Музейдегі ғажайып кеш

Screenshot 3 Мәдениет

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Алтын күз келді, міне, қарашада, Келіңіздер, «Музей түні», тамашаға!» атты музей түні өтті.

Screenshot_3

«Музей түніне» келушілер жергілікті қылқалам және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін тамашалады. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Манарбек Дәулетияровтың туындыларды жаңғырту, суретші Қалымбек Жұмашевтің каллиграфия өнерінен шеберлік сағаттарына  қатысты.  Кеш қонақтары көрме залдарында облысқа танымал қылқалам шеберлеріне өз портреттерін салдырту мүмкіндігіне ие болды. Ғажайыпқа толы түнгі кештің одан әрі ажарлана түсуі үшін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның камералық квартеті өнер көрсетті.

Биылғы «Музей түнінің» ерекшелігі, шараға Атырау қаласындағы мектеп оқушылары да қатыстырылып, олар күзгі бау-бақша өнімдерін сәндеп, көрме көрсетті. Бірқатар оқушылардың күзгі сән үлгілерінен дефилесі көпшілікке ұсынылды. Көрермендер музей сөрелеріндегі жәдігерлерге қызығушылық танытып,  сала мамандарынан ақпарат сұрап жатса, енді бірі естелік суретке түсіп, мәре-сәре болды. Бірқатары майлы бояумен сурет салып, өз талантын ұштады. Бұл кешті атыраулықтармен қатар, шетелдіктер де тамашалады.

Screenshot_4

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара музейге келушілердің, әсіресе, жастардың жарқын бағдарламалар арқылы назарын аударту, қызығушылықтарын арттыру, музейді кездесу, әрі демалыс орны ретінде көрсету мақсатын көздейді. Көпшілікті  осынау рухани орынға тартудың дәстүрден тыс бұл әдісі әлемде он жылдан астам уақыт жүзеге асып келеді.

 

Алтыншаш Құрмашева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Көгжал

    Мұражай деген мәдени мұра, сырлы әлем бар бізде. Ішіне кірсең болды, ұлтымыздың бүкіл тарихы көз алдыңда сайрап, жан дүниең жайнап шыға келеді. Өкініштісі, осы мұражайларға баратын адам азайып барады. Балалар да аттап баспайды.

  2. Көгжал

    Көбіміздің мұражайға қызықпайтынымыз рас қой. Баласын мұражайға апарып жүрген ата-ананы да аз көреміз.

  3. Көгжал

    бізде көрсететін дүниелер көп-ақ. Тек соларды көрсетудің жолын таба алмай отырған жоқпыз ба? Яғни, мейлі бала болсын, мейлі ересек адам болсын, соларды мұражайға жетелеудің, қызықтырудың жолын білмейміз. Қысқасы, рухани дағдарыстамыз…

  4. Көгжал

    «Озған ел тарихын таспен жазады…». Тасқа басылған тарихымыз барын айттық. Ендеше, сол тарихымызды неге көрмеске?!

  5. Көгжал

    археологтарды алайықшы. Олар күннің ыстық-суығына қарамай, терең тарих қойнауында жатқан көне жәдігерлерді аршып алады. Қалпына келтіріп, мұражайларға табыстайды. Ал біз мұражайға бармасақ, тарихымызды көруге ұмтылмасақ, археологтардың еңбегінің еш кеткені емес пе?

  6. Көгжал

    Әлихан Бөкейханов «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» демей ме?!

  7. Көгжал

    Балалар қаласын, қаламасын ауық-ауық мұғалімдер оларды мұражайларға апаруға міндеттеледі. Бұл бір жағынан балаларды отансүйгіштікке тәрбиелесе, екінші жағынан олардың ұжым болып, алған әсерлерін сыныптастар арасында бөлісуге ықпалы зор. Осылайша таным-түйсігі қалыптасқан жастардың елдің келешегі үшін берері мол

  8. Көгжал

    Шыны керек, біздің қай қайсы мұражайымызға барсақ та флора мен фаунаны толтырып-ақ тастағанын көреміз. Ал құжат-тардың көбі – көшірмелер. Әрине, оның да қажеті бар шығар. Бірақ бізге ұлыларымыздың «көзі» керек қой.

  9. Көгжал

    Астанада Абылайдың, Шымкентте Кенесарының қылышы бар екен деп естиміз. Кезінде Тайқазанды Ленинградтағы Эрмитаждан алып келіп, тұғырына қондырдық. Сол сияқты басқа елдерде жатқан жәдігерлерімізді жиып алатын шығармыз?!

  10. Көгжал

    Тарих мұражайының төрінде Абылай ханның, Кенесарының қылыштары тұрса, қандай керемет! Бәлкім, сонда балаларымыз мұражайға мұрын шүйіре қарамас па еді?!

  11. Көгжал

    Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас ұрпаққа оқу мен кәсіби білім ғана беріп қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру.

  12. Көгжал

    жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі.

  13. Көгжал

    Кез-келген мұражайдың негізгі тұрақты қызмет көрсетуші буыны, басымдық беретін категориясы бұл мектеп оқушылары екені белгілі. Сонымен бірге, балалар бойында рухани-мәдени құндылықтарды дарыту ерте жастан бастап қалыптасу қажеттігіне ешкімнің күмәні болмас.

  14. Көгжал

    Мұражайдың негізгі міндеттерінің бірі жастарға патриоттық тәрбие беру. Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі көздеген мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.

  15. Көгжал

    Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың, алдымыздағы аға-апаларымыздың ерліктерін, өнегелі істері, ел үшін жасаған жақсылықтары, еткен еңбектерін дәріптеу – қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі.

  16. Көгжал

    Өз өмірін қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін құрбан еткен халқымыздың ұлы батырларының ерлігі болашақ жастарға үлгі, сабақ болуы тиіс.