Жарнама
Мәдениет

Музей жұмысы жандана түспек

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Заманауи музейлік жоба: өзекті нысандар мен әдістер» тақырыбында отандық және шетелдік мамандар тәжірибесіне негізделген жобалық білім беру семинары басталды.
Алғашқы күні аталған жоба туралы музейтанушы Ғалия Файзуллина кеңінен тарқатып айтты. Ал шетелден келген мейман, өнертанушы Алтын Қапалова сәт сайын өзгеріп жатқан әлемдегі өзгермелі музей жұмысын ұйымдастыру, ХХІ ғасырда музейдің дамуындағы жаңа үрдістер жөнінде жан-жақты дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылармен жоба идеяларын әзірлеу, жоба жазу дағдылары аясында топтық тәжірибелік жұмыстар жасалды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button