Жарнама
Мәдениет

«Мен сізді биге шақырғым келеді…»

Республика күні қарсаңында облысымыздың мәдениет ошақтары мен өнер ордаларында мерекелік лептегі, көпшіліктің көңілін марқайтар керемет шаралар ұйымдастырылуда.

53ef4d04 e9c3 41a4 b745 af717992217d

            Солардың санатында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұйытқы болуымен халық шығармашылығы орталығында өткізілетін «Мен сізді биге шақырғым келеді» атты кешті атауға болар еді. Филармония директорының орынбасары Арғын Құлмановтың айтуынша, оған қатысушылар негізінен әуесқой хореографиялық ұжымдар екен. Сонымен қатар, би кешіне келген көрермендер аты атыраулықтарға, қалаберді Қазақ еліне әйгілі «Інжу-Маржан», «Жайық қызы» және «Камелия» сынды танымал кәсіби ансамбльдердің де өнерін тамашалай алады.

            Оған қоса, бұл күні мың бұралған бимен бірге әсем де әуезді әндер (оның ішінде халық әндері де бар) шырқалып, шараның шырайын келтіреді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button