Жарнама
Мәдениет

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының жаңа маусымы ашылды

«Театр — жүректен шыққан өнердің көрермен жүрегіне жететін қасиетті сахнасы» дегендей Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 87-ші маусымын салтанатты түрде ашты.
Маусымның ашылуына орай театр ұжымы журналистермен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өнердің шынайлығы мен тереңдігін паш ете отрып, көрерменмен қайта қауышқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, маусымның алдағы жоспарларымен, болашақ жобаларымен бөлісті. Бұл кездесуде театр ұжымы өздерінің шығармашылық көзқарастары мен жоспарларын кеңінен талқылап, толыққанды ақпарат берді.

Жаңа маусым заманауи прозашы Бейбіт Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымымен басталды. Бұл спектакль ауыл өмірінің шынайы бейнесін, адалдық пен махаббатты көрсетеді. Театрдың жаңа маусымы «Мен театрды сүйемін!» және «Ай лав ю театр!» промоакцияларымен ашылды, мұндағы мақсат — театр өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Ұйымдастырушылардың сөзінше, сахнадағы шығармашылық туынды жүрекпен жасалған. 87-ші маусымның тұсаукесерінің дәл осындай айдармен басаталуы да бекер емес. Себебі жүректен шыққан дүние ғана жүрекке жетеді.

86-шы маусымның жабылуы қарсаңында премьерасы өткен Б.Сарыбайдың әңгімелер жинағының желісі бойынша сахналық нұсқасын жасаған режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» спектаклі ауыл тақырыбын, адамдардың адалдығын, аңғалдығын, адамгершілік, махаббат, сағынышқа толы жастық шақтың бақытты кезеңдерін суреттейтін қойылым. Спектакль ауылдың терең мағынаға толы өмірін көрерменге ұсынды.

Жаңа маусым театр сүйер қауымға мол рухани байлық сыйлап, әр қойылымымен шығармашылық әлемге жетелейді.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button