Жарнама
Мәдениет

Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі бағыты

Атырау қаласында 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға қатысқан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов сала қызметкерлерінің еңбегін атап айтып, мерекелік құттықтау лебізін білдірді.
– Мәдениет және өнер қызметкерлері күні облыс көлемінде аталып өтуде. Бұл кәсіби мерекенің қоғамда өзіндік орны бар. Өйткені мәдениет – экономикаға, қоғамға қажетті сала. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезде мәдениет қызметкерлері қоғамның бел ортасында жүрді. Сахнадан жыраққа кетіп, қолына күрек ұстап, бөгет салды. Мұның өзі олардың еңбегін ұштап тұрғандай, — деді Ә.Жоламанов.


Кәсіби мерекеге орай, басқарма басшысы мәдениет саласының дамуына үлесін қосқан қызметкерлерді марапаттады. Республика мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Н.Жантөрин атындағы филармония ардагері Құттыгерей Дүйсеев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Құралай Құмарова, Жанат Телтаев, Серік Биғамбаев, Жанбала Өнербай, Болат Қапизов, Меңсұлу Наурызбаева, Гүлмира Дәулетова, Ерлан Есенғалиев, Меруерт Сейтова, Шолпан Қанатова, Айнагүл Қадырова марапатталды. Ал аталған министрліктің Құрмет грамотасына Хамил Сүйекбаев, Сая Ғазимова, Айнұр Сакупова, Ерлан Тлекқабылов ие болды.
Мерекелік шарада облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының Алғыс хаты да бірнеше сала маманына табысталды.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі Ерболат Сидағалиев, Марсель Нсанбаев және Роман Ерғазиевке табыс етілді.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button