
Мәдениет майталмандарына лайықты құрмет
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Атырау қаласындағы Абай орталығында руханияттың шамшырағына айналған сала мамандарына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Мәдениет – ұлттың ұлы құндылығы, рухани негізі. Өнер – халықтың жүрегінен нәр алған мәңгілік мұра. Сіздер — осы құндылықты өркендетіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші алтын көпірсіздер. Қоғамның рухани байлығын арттырып, ұлттық болмысты сақтап, дамытудағы еңбектеріңіз ерекше. Осы салтанатты күні сіздерге зор алғысымды білдіре отырып, шығармашылық табыс, шабыт пен рухани серпіліс тілеймін! – деді Н.Ермұханов.

Салтанатты жиын барысында қала мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар мәдениет және өнер қызметкері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ