Жарнама
Мәдениет

Күй әлемінің кемеңгері

Қазақ музыка өнерінің аспанында шоқ жұлдыздай жарқыраған, халқымыздың ұлы перзенті, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, біртуар күйші-композитор, шебер дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында ерекше салтанатты шара өтті.

Осы мерейтойлық кеште Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен көркемөнерпаздар қатысып, өнер тарланының құрметіне ән мен күйден шашу шашты.
Мерейтойға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет ордені» иегері Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

-Нұрғиса Тілендиев қазақ руханиятының жалауын көтеріп, күй өнерінің беделін асқақтатқан тұлға ретінде тарихта қалды. Оның өнері тек күйдің сиқырлы сазымен ғана емес, қазақ халқының жүрегіндегі терең сезіммен, оның ұрпақтан ұрпаққа жететін мәңгілік мұрасымен айшықталған. Бұл мәртебелі мерейтойдың дәл Атырау облысынан бастау алуының өзі біз үшін зор қуаныш. Бүгінгі күні біз оның шығармашылығын ұлықтай отырып, оның еліне, жеріне, халқына жасаған зор еңбегін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек,- деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы тек өнер мерекесі ғана емес, ол ұлттық өнеріміздің өскелең ұрпаққа жетіп, оның маңызын арттыруға арналған ұлы оқиға. Оның шығармаларының өзектілігі мен қуаты бүгін де халық жүрегінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келеді.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button