«КӨРІНГЕН СОНАДАЙДАН НАРЫН ЕДІ…»
Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда басталған байқауға еліміздің батыс аймағы – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан және жергілікті жерден жиырма жеті дәстүрлі ән-терме байқау орындаушылары жас ерекшелігіне қарамай байқауға қатысуда.
Байқауды өткізудегі басты мақсат – Мекес Төрешұлының музыкалық мұрасын, әншілік тұлғасын жаңа қырынан танытуға жол ашу, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау және талантты жастардың жаңа буынына өз шеберлігін шыңдауға көмектесу. Сондықтан, Мекес Төрешов атындағы байқауды тек Атырауда емес, алдағы уақытта батыс облыстарының өзге аймақтарында да кезекпен ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Айта кету керек, қатысушылардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысы мен Атыраудан екен. Атап айтқанда, Атырау облысының атынан Біржан Нұрсанов, Руслан Ысмағұлов, Еркін Әубәкіров, Бибігүл Жұмабаева, Гаухар Әбдірахым, Жасұлан Төлеубаев, Ақмарал Кемелханова, Жұпар Отарова, Ғибадат Тұрғалиев, Альбина Қойшығалиева, Айдар Иманғалиев қатысып, бағын сынауда.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.