Жарнама
Мәдениет

Илья Жақанов, композитор, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Шіркін, Ғатау… Шөп басына тұна қалған таңғы шықтай мөп-мөлдір, тап-таза сүйкімді бітімімен, ә деп көрген сәтте-ақ нәп-нәзік қоңыр үнмен шертілетін тоқсан толғаулы домбырасы мені ерекше толғандырып, ойландыра бастады. Бұрын есімін сырттай ғана естіп жүріп, ал 2000 жылдың қыркүйегінен бастап Атырауға қоныс аударып, атамекеннің топырағын басып, ә десе көмекейінен күн көрінетін ақкөңіл, кең қолтық ел-жұртпен қауыша бастағанда небір өнерлі, талантты, ақылды, сырлы көкіректі ғұлама жандарды көріп-біліп, бірте-бірте таныстығымыз, емін-еркін шүйіркелесу өз жүйесін тапқан күндерде сол көпшіліктің арасында Ғатау Ібішевтің болмысы мені өзіне ерекше бір жылы сезіммен үйіре берді. Зипа бойында тазалық пен пәктіктің ізгі қасиеті тұнған байсалды да байыпты келбеті өз өнерін бұлдайтын даурықпа, даңғаза, атаққұмар домбырашы, күйшілерден мүлде бөлек, әулие пішіндес болып туа салған бір бекзат  бейнедей сүйсіндірді. Сол келісті келбетіне кісілік, кішілік қасиеті жарасымды көрік береді екен. Жас теректей иілген сымбаты, соған сән беретін ізеті мен ізгілігі, қалай сөйлесе де ішкі дүниесінің байлығын танытуы өрелі қасиетінің белгісі боп, қызықтыра түсті. Ғатауды аз уақытта танып-білуім ағалық-інілік достыққа айналды.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button