Жарнама
Мәдениет

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕРКІНОВ

 

Шүкір Еркінов 1924 жылы қыркүйек айының соңғы күндерінің бірінде Ойыл ауылдық округіне қарасты «Дәулетиман» елді мекенінде дүниеге келген. Он сегізге толмаған Шүкір 1942 жылдың 18 тамызында әскер қатарына алынып, аз уақыт қана Бұзылық қаласында әскери дайындықтан өтеді де, 1943 жылдың шілде айында Батыс майданының 222-Смоленск атқыштар дивизиясының 43- артиллериялық танкіге қарсы дивизионының барлаушысы болып соғысқа қатынасады.

Шүкір Еркінов майдандағы қаhармандық ерлігі үшін «Даңқ» ордендерінің үш дәрежесіне түгелдей, сондай-ақ, «Германияны жеңгені үшін» медаліне ие болған. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бибоз Шаяхметов сөз сөйледі.

Қазіргі таңда Атырау қаласындағы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы, Миялы селосындағы, Шүкір Таңатарұлының туған жері Жасқайрат селосындағы көшелерге батыр барлаушының есімі берілген.

Бұдан кейін аудан әкімдігі жанындағы бақта орналасқан            батыр барлаушы, «Даңқ» орденінің толық иегері Шүкір Таңатарұлы Еркіновтің ескерткішінің алдында майдангерді еске алу шарасы өтті.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай батыр барлаушының құрметіне спорт және дене шынықтыру сауықтыру кешенінде футболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды.

Мағрупа ҚАЗИХАН.

Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button