Дидар Қамиев Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды
Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық айтыс қорытындыланды.
«Ерлігі ерен ер бабам» атты айтулы додаға елімізге белгілі ақындар мен Қырғызстан және Моңғолиядан келген сөз зергерлері бақ сынады. 14 ақынның ішінен оза шыққан сегіз ақын бүгін финалдық кезеңде бақтарын сынады. Атырау топырағында туып, Мысырда хандық құрған Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған айтыстың қорытындысы бойынша: Бас жүлдені және 1 миллион теңгенің сертификатын Дидар Қами (Қарағанды облысы), І орынды және 750 000 теңгелік сертификатты Еркебұлан Қайназар (Астана), ІІ орын 600 000 теңгелік сертификатты Өнербек Дәулекенов (Атырау облысы), ІІІ орынды және 500 000 теңгелік сертификатты Талғат Мықи (Батыс Қазақстан облысы) мен Эсенбек Кийизбаев (Қырғызстан) иеленді.
Арнайы жүлде және 300 000, 350 000 теңгелік ақшалай сертификаттар Батыржан Кәдірбайға (Атырау облысы), Рауан Қайдаровқа (Павлодар облысы), Бауыржан Ширмединұлына (Батыс Қазақстан облысы) берілді.
Айта кетейік, айтысқа Жазушылар Одағының Төрағасы Мереке Құлкенов бастаған ақын, жазушы, қоғам қайраткерлерінен құралған әділ қазылар алқасы төрелік етті.
Нұргүл Насыр