
“Бұлақ көрсең, көзін аш”
Жұмыскер мәдениет үйінде Атырау облысында эпостық жырларды орындаушылар мен айтыскер жас ақындар мен оқушылар арасында “Бұлақ көрсең, көзін аш” байқауы қорытындыланды.

Өнер додасының қорытындысында байқауға онлайн түрде шығармаларын ұсынған 100 үміткердің арасынан қазылар алқасымен іріктеліп алынған 20 жас қатысты. Олардың 10-ы сахнада айтыс үлгісін көрсетсе, жартысы эпостық жырдан көрермен алдында сынға түсті. Байқау қорытындысымен “Айтыс” номинациясы бойынша Салауат Кәрімұлы оза шауып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, Батыржан Кәдірбай — екінші, Әсемай Берік үшінші орынды иеленді.
Эпостық жырды жатқа оқу номинациясы бойынша бірінші орын Исатай ауданынан келген Ж.Мырзағалиев мектебінің оқушылар командасына, екінші орын Ұлпан Рамазанға, үшінші орынды Асылбек Есжанға бұйырды. Қатысушылардың барлығы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.