Жарнама
Мәдениет

«БІЗ ӘЗ НАУРЫЗДЫ БІР АЙ БОЙЫ ТОЙЛАЙМЫЗ!»

 Еліміздің батыс өңірінде өзгеше сипатпен аталып өтетін «Көрісу» салтымен тұсауы кесілген арнайы айлықтың жоспарына сай білім ордасында күнде  думан-той. Құшақ жайысып, мәре-сәре болған ұстаздар мен студенттер қауымы — өзгелерге үлгі боларлық іс-шараларды атқарып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға атсалысып отырғанына куә болдық. 

Әр күнге бекітілген кесте бойынша колледждің төрт бөлімі түрлі тақырыптар бойынша өзара сайысқа түсуде. Ай соңында шараларды қорытындылау мақсатында құрылған комиссия төрайымы, колледждиректорыБақытгүлХаменова шараның басталар тұсында сөз алып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтау сөзін арнады. 

«Аталған шаралардың барлығы да ұрпақ тәрбиесі үшін аса маңызды. Осынау қадамымыз арқылы ұлттық дәстүрімізді ұлығылауға өзіндік үлес қосып отырғанымызға қуаныштымыз» деген Б.Қайыржанқызының сөзін осы істің басы-қасында жүрген директордыңтәрбиеісіжөніндегіорынбасарыӘлияУнаева да қолдады.

«Қыз ұзату», «Келін түсіру» сынды салттарды өз мәнінде сахналап, жоғары деңгейде көрсете білген ұжым бүгінгі күні спорттық ойындардан сайысуда. Колледж студенттері бір ауық арқан тартысып, күштерін сынаса, енді бір сәтте асық атып, мергендіктерін  шыңдады. 

«Ендігі кезекте «Тұсау кесер», «Бесікке салу» дәстүрін жаңғыртуды жоспарлаудамыз» деген бөлім меңгерушілері Гүлбаршын Жүсіпова, Қадіржан Алтайұлы, Маржангүл Сүлімова, Өнербек Ерғалиевтер бір айға созылатын шараның соңында колледж директоры арнайы тағайындаған бәйгенің сарапқа салынатынын атап айтты. Ал, директордың орынбасарлары Аққу Орынбасарова мен Айнагүл Ахметова шара қонақтарын наурыз көже мен бауырсақтан дәм татуға шақыра отырып, «бұл тағамдардың қай-қайсысы да – молшылық пен берекенің белгісі. Ырысымыз ортаймасын!» деген ақ тілектерін жолдады. 

Гүлжан ӘМІРОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button