«Шырқа, гитара!» 

3fd9d07f f4b2 45db af6e 73ced3d215cf Мәдениет

Дамбы мәдениет үйінде  жеті шекті гитараның сиқырлы сазына елітіп, есте қалған ерекше ескі әндер шырқалды. Көрерменнің қарасы қалың болған шараға қалалық мәдениет бөлімі мұрындық болды.

Фестивальдің шарты бойынша өнерпаздар гитараның сүйемелдеуімен екі ән орындау керек болды. Бірі ретро болса, екіншісін өз таңдауымен еркін тақырыптағы әнді шырқады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сазды кеш табиғи дауыста орындаушылардың қатарын көбейту және гитарашылар өнерін жастарға насихаттауды мақсат етті. Расында, өнерсүйер қауым сұлулық пен сезімді үйлестірген әуендер мен жан тебірентер жауқазын жырларды сүйсіне тыңдады.

d6028be1 15cf 4a43 9ffa de5aa5285d9f

Сонымен, әділқазылар алқасы әуесқой гитарашылардың орындау шеберіктерін, сахна мәдениетін, репертуар мазмұнын сарапқа салып, номинация иелерін анықтады. Атап айтқанда, Нұржан Бегімсалиев – «Әсем әуен», Алихан Мұхиденов – «Жас әнші», Жандос Сұлтекенов – «Аспапта ойнау шебері», Мырзабек Охасов – «Ерекше дауыс», Еркінбек Мажитов – «Ерекше артистік қабілет», Әділжан Тілепбергенов – «Көрермен көзайымы», Манас Санбай – «Күміс көмей әнші», Айбек Каримов – «Үздік әнші», Артур Бекмұханбетов – «Қоңыр үн», Нысанбай Жұмағалиев – «Шебер орындаушы» аталымына лайықты деп танылды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз