Жарнама
Мәдениет

Белгілі графикшінің көрмесі өтті

Бүгін Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде суретші Андрей Дячкин туындыларының көрмесі өтті.

Бұл күндері шығармашылық адамдары, әсіресе, суретшілердің таныла бермейтінін ескерсек, мұндай шараның қылқалам иесінің өмірі мен шығармашылығын таныстыруда маңызы зор.

Андрей Дячкин графика өнерінің барлық техникаларында жұмыс істеген көрнекті суретші. Ол 1957 жылдан бастап КСРО СХ мүшесі. 1981 жылдан Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Украинаның Донецк облысындағы Лозовая станциясында дүниеге келген. Ол 1950 жылы Ворошиловград көркемсурет училищесін бітіреді. Харьков өнер институтының графика факультетін 1945-1956 жылдары аяқтағаннан кейін Қазақстанда тұрып, біраз уақыт Алматы көркемсурет училищесінде жұмыс істеді. Суретші 1993 жылы Мәскеуге кетеді. Оның жұмыстары ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің жинақтарында сақтаулы. ГТГ және Мәскеудегі Шығыс халықтарының Мемлекеттік өнер музейінде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларда бар.

Мамандардың айтуынша, Андрей Дячкиннің картиналарында табиғи ландшафт пен сәулеттік бөлшектерден бөлек, мәдени және тарихи элементтер де көптеп кездеседі. Графика жанрына жан бітірген дарын иесі көпті өзінің ерекше стилімен баурап алады.

Айта кетелік, суретші туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Третьяков галереясында, Мәскеу мемлекеттік шығыс халықтары өнері музейінде, Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде, сонымен қатар Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Израиль, Жапония елдерінде жеке коллекцияларда сақтаулы.

Ақарыс АЙДАРБЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button