«Бейбарыс сұлтан» Мысырға барады

552d4691 f6c8 4b37 81de bc5891aa569c Мәдениет

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Мысыр елінінің Каир қаласында өнер көрсетеді. 

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау  облыстық  филиалы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңес отырысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов айтты.

Басқарма басшысының айтуынша,  Сарайшық қаласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалуда және Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына арналған бірқатар шаралар жоспарланған.

“Биыл Бейбарыс сұлтанның мерейтойына орай республикалық ақындар айтысы, Бейбарыстың 800 жылдығына арналған суретшілердің республикалық симпозиумы, Құрманғазы атындағы республикалық күйшілер конкурсы мен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық театрлар фестивалін өткізу жоспарланған”,- деді Әбіл Жоламанов.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы мерейтойы аясында ел көлемінде 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Мысыр елінде өтетін «Бейбарыс сұлтан» қойлымы соның бірі болмақ.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз