Жарнама
Мәдениет

Бала күнімнен жан серігім

Домбыра — мен үшін жай ғана музыкалық аспап емес, бала күнімнен көңіліме ұя салған жан серігім. Сол бір күндер… Әкемнің тізесінде отырып, саусақ ұшымен күмбірлеткен күйге елітіп, алғаш рет домбыра үніне ғашық болған сәтім есімде. Мектеп қабырғасында осы киелі аспапты қолыма алып, шертпе мен төкпені үйренген кезден бастап, домбырамен арамызда көзге көрінбес рухани байланыс орнады.


Қазір де домбыра пернесін шерте түскенде жүрегім ерекше лүпіл қағып, жан-дүнием ғажайып әсерге бөленеді. Әуелетіп ән шырқағанда менің де көңілім толқиды. Себебі әрбір күй, әрбір әуен – халқымыздың өткені, ұлттың болмысы, ата-бабаның аманаты.
Домбыра — даланың дауысы, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар сарыны. Ол – көненің көзі, бүгіннің тынысы, ертеңнің үміті. Ұлттық домбыра күні – осы киелі мұраны ұлықтайтын, ұрпақ бойына сіңіретін қасиетті күн.
Біз – болашақтың иесіміз. Сондықтан домбыраға құрмет ұлтқа құрмет деп білемін. Оны қадірлеу – өз тамырыңды тану. Домбыраны төрге шығарып, құлақ күйін келтіре білейік. Ұлы мұраның үні өшпесін десек, домбыраны ардақтайық!

Болатбек ҚҰБАШЕВ,
Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әртісі,
Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button