
Атыраулық жастар «Бір толқында» өнер көрсетті
Атырау қаласында Жайық жағалауы ерекше атмосфераға бөленді. Жастық жалын. Еркіндік. Ырғақты би. Жастар “Бір толқында” би фестивалінде өнер көрсетті.

Жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, бос уақытын пайдалы өткізу, еркін стильдегі би жанрларына қызығушылық танытатын топтарға қолдау көрсету, заманауи би түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада модерн, K-pop бағытында бастапқы және кәсіби топтар өз өнерлерін ұсынды.

Барлығы 200-ге жуық өнерпаз бас қосқан сайыста 4 номинация бойынша үздік топтар анықталды. Модерн бағыты бойынша І орынды «Sanad» би тобы жеңіп алды. II орын “Жұлдыз” халықтық би ансамбліне, ІII орын “Наз” би тобына бұйырды.

Ал басқа бағыттар бойынша жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілді:
К-pop бағыты:
I oрын – “HOT MESS” би тобы;
II орын – “VILLIAN” би тобы;
III орын – “PDF” би тобы.
Кәсіби топтар:
I орын – “HELLICTS PRO” би тобы (Атырау);
II орын – “One family”би тобы (Жылыой);
III орын – “Jolnyrs dance time” (Атырау).
Бастапқы топтар:
I орын – “Dance time” (Жылыой);
II орын – “HELLICATS JUNIORS”( Атырау);
III орын –“Еркем-ай” би тобы (Махамбет).