Жарнама
Мәдениет

Атыраулық оқушы мега жобаның жеңімпазы

«Хабар» арнасының «Бес жұлдыз» мега жобасының жеңімпазы Нұршат Құсанова – Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп лицейінің VIII сынып оқушысы.
17 бағдарламадан тұратын сайыстың финалдық кезеңі Алматы қаласында өткен болатын. Ондағы 16 қатысушының өнерін тікелей эфирде дауыс беру арқылы халық таңдады. Нақтырақ айтқанда, өнерпаздар «Хабар» арнасының телеграм каналында дауыс жинады.
Көрерменнің көзайымына айналып, ауқымды жобаның жеңімпазы атанған Нұршат кішкентай кезінен көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Ол осыған дейін «Қазақстан балалар дауысы – 2023» жобасының жеңімпазы, «Junior Eurovision 2020» байқауының финалисі де атанды.
– Атырау жері дарынды, талантты балалардан кенде емес. Облысымыздың жасөспірімдер арасынан топ жарып, республикаға таныла білген Нұршатпен біз әрдайым мақтанамыз. Оның әлі де талай асуларды бағындырып, өлкеміздің абыройын асқақтатарына сеніміміз мол, — дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.


Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button