Жарнама
Мәдениет

Атыраудағы тарихи-мәдени нысандарға QR-код енгізілді

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл туризм саласын цифрландыру мақсатында 6 туристік нысанға, яғни Сарайшық қалашығы, Сарайшық музей қорығы, Хиуаз Доспанова, Жұмекен Нәжімеденов, Дина Нұрпейісова және Құмаршық ескерткіштеріне QR-кодтар орнатылды. Туристер 5 тілде ақпарат алып, 3D көрінісінде саяхаттай алады.

-Алдымен смартфон не планшетке Play Market және App Store-дан «Tarihi jol» қосымшасын жүктеп алып, тақтайша бетіндегі QR-кодты сканерлеу керек. Осы арқылы ескерткіш жайлы ақпаратты өзі қалаған тілде ала алады. Мәселен ұялы телефон арқылы «Сарайшық» қалашығы кіреберісіне орнатылған QR-кодты сканерлесеңіз, онда бұл нысан қай жылы қойылғаны және тарихы туралы толық ақпарат береді, деді Н.Жаңабеков.

Айта кетейік, өңірде 4 республикалық маңызды, 313 жергілікті маңызды ескерткіш бар. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғаса бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button