Атырауда «Бет of face» драма шоуы көрсетілді
Қазақстанда алғаш рет «Бет of face» драма шоуы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында сахналанды. Мариус Майенбургтың «Урод» пьесасы негізіндегі «Бет of face» драма шоуының тұсаукесеріне режиссер Данияр Базарқұловты қолдап Бикен Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театрының басшысы Ерлік Жуасбек арнайы келді.
Сонымен қатар қойылымды тамашалауға өңірдің зиялы қауымы және облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қатысты.
Жалпы, қойылымның мақсаты – адам қай уақытта да өз-өзін қабылдап, түр сипатқа күмән келтірмей жақсы көруді насихаттау. Адамзат болмысына берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану. Яғни, қоғамның өзекті мәселесін жаңа форматта сахналау.
Айта кету керек, қойылым бұған дейін шетелдік театр сахналарында ғана қойылған.
Ұлболсын МАРСОВА