Рахымжан Отарбаев атындағы ІV республикалық театр фестивалі өтеді

img 20220919 wa0009 Мәдениет

Бұл туралы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ғасырға жуық тарихы бар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының биыл 85-ші маусымының шымылдығы ашылады. Театр жаңа маусымда Хиуаз, Ақшақыз және Жеті гном, Ричард ІІІ, Келін, Алладин, Айман-Шолпан, Апалы-сіңлілі үшеу және Сиқырлы әлем сынды қойылымдарды көрерменге ұсынбақ.

 – Осы жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен, Р. Отарбаев руханият қоры және театрдың ұйымдастыруымен Рахымжан Отарбаев атындағы ІV республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивальді қараша айының 23-27 аралығында өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде барлық театрға қажетті құжаттар жіберілді. Алда бізді үлкен салтанатты іс-шаралар күтіп тұр, деді М.Томанов.

Бұл фестивальге Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры «Сұлтан Бейбарыс» қойылымымен қатыспақ. Сондай-ақ театр режиссерлері Жанат Телтаев пен Гүлназ Қамысбаеваның қойылымдары сахналанады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз