Жарнама
Мәдениет

Атырауда “Қыр баласының”премьерасы өтті (+фоторепортаж)

Ән өнерінің ішінде бард жанры – сырлы сазымен, жаңаша орындалу стилімен ерекше. Оны алғаш рет қазақ өнеріне енгізген Табылды Досымов еді. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында жас драматург Әлішер Рахаттың халқымыздың біртуар талантты ұлының өмірі мен шығармашылығына арналған “Қыр баласы” қойылымы сахналанды.

f9fefc36 75d7 451d b201 79a2c5f0ccf5

Қойылымда бард ақынның студенттік шағы және өнердегі өсу жолы, жалпы тарпаң тағдыры суреттелді. Сонымен қатар, әсерлі әндері шырқалып, өлеңдері де оқылды.

bfde0bb0 330c 4ade 9689 7fb96f9ccfd9

— Осы драманы сахналау арқылы Табылды ағамыздың жаңа қырларын танытқымыз келді. «Биіктік» әнінің мазмұны – қойылымның басты идеясы болды, — деді театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров.

Қойылымның қоюшы режиссері Шағуан Үмбетқалиев спектакльде ақынның шығармашылығын жаңғыртып, оның рухани мұрасын жастарға насихаттау арқылы ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру көзделгенін атап өтті.
Атыраулықтар қойылымда ақынның жүрегінен туған терең мағыналы өлеңдері мен әндерінің сахналық интерпретациясын тамашалады. Тау тұлғаның азаматтық және ақындық болмысын сәтті аша білген шығармашылық ұжымның кәсіби шеберлігін ерекше айта кеткен жөн. Жан тебірентіп, көңіл пернелерін дөп басқан қойылымды көзіне жас ала отырып тамашалаған көрермендер бір сәтке сүйікті ақынымен емірене қауышып, қимай қоштасқандай зор әсерге бөленді.

c60964cc e624 48a2 9bb8 6b94034b863c
661dbbf8 b533 4fa0 a3d1 e00d5b962b98
e9d0f3cb a2b7 40d5 8acd 3bfc3da6f3cb
613b41aa ca44 4614 aa03 3b9e9f34f3ca
5874f4ec 4142 45ec 8c29 66a7ba58e240
e57d7db1 2399 4c20 907c 2caccddb8de3
5fe970f5 ec66 41c2 8734 cf42ebb0c5a1
31bcbcb5 33bb 4aa1 b709 3dd305b8a6c2
4fa73e99 0efe 4d74 b1ee f1f58c94c33b
dcd4db35 45b3 427a 8edd be79a5099833
a631e77d c2b1 4713 8e7a f66a466226b3
b850302d 907a 4a54 8c86 3bcbcbf031b1
43275efd bc3f 450c a504 e738257568fd
0726c91d 36c4 4e83 8c6a afb702c611d6


Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button