Атырауда патриоттық әндер байқауы өтті

screenshot 20220516 003911 Мәдениет

Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауы өтіп, оған облыстан 30 үміткер қатысты. 

Ұлтымыздың мақтанышы, әскери ұқшық апамыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау, патриоттық әндер арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас өнерпаздардың ән орындау өнерін шыңдау, есімдерін көпшілікке танытуды көздеген байқауда әр орындаушы екі әннен айтты. Байқау екі кезеңнен тұрғандықтан, бірінші кезеңнен өте алмағандар, тәртіп бойынша, екінші кезеңге жіберілмеді. Әнді жанды дауыспен орындаушылардың шеберлігі, тіл тазалығы, сахнада өзін ұстауы, киген киімі де бағаланды. Бір атап өтерлігі, қала мен аудандардан келген 18-30 жас аралығындағы әншілердің қай-қайсысы да өздерін дүйім көрерменнің алдында ысылған әккі әншідей ұстады. 

Әділқазылар алқасының шешімімен үшінші орын екі әншіге – Ерболат Сағынғали (Құрманғазы ауданы) мен Айбек Ғасырбековке (Атырау қаласы), екінші орын – Дастан Асанға (Қызылқоға ауданы), бірінші орын – Айдана Бақытоваға (Исатай ауданы), ал Бас жүлде атыраулық Айгерім Нығметоваға бұйырды. 

     Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттер автордыкі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз