Жарнама
Мәдениет

Атырауда облыстық патриоттық әндер байқауы өтті

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен кеңес одағының батыры Қайырғали Смағұлов атындағы облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.

Өнер байқауының мақсаты тəуелсіздікті ұлығылау, ұлттық сананы жетілдіру, талантты орындаушыларды анықтау болып табылады. Байқауға 15 үміткер қатысып, олар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Алғашқы сында қатысушылар Отан, туған ел тақырыптарында патриоттық əндерді орындаса, екінші кезеңде жергілікті сазгерлердің қазақ тіліндегі əндерін шырқады. Əділқазылар өнерпаздардың шығармашылығын бағалап, үздіктерін анықтады.

щzlz

Байқау нəтижесі бойынша Исатай ауданынан Айдана Бақытова I орынды иеленсе, Атырау қаласынан Ардақ Дүзелбайқызы мен Қызылқоға ауданынан Асан Дастан II орынға лайықты деп саналды.

Ал, III орынды Мақат ауданынан Шакизада Қонысбаева мен Махамбет ауданынан Айбек Ғасырбеков алды. Барлық қатысушыларға Алғыс хат табысталды. Кештің қонағы, батырдың келіні – Мəрия Рамазанқызына құрмет көрсетілді.

Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button