Жарнама
Мәдениет

Атырауда «Музей түні» өтті

Атырауда Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейі Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні» атты іс-шарасын өткізді. «Музей түнінің» негізгі ұраны көрермендер үшін ашықтық пен қолжетімділік, өнерді дәріптеу және жастардың назарын музей ісіне аудару болды.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР:

https://www.instagram.com/tv/CdsvkWNqIDI/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Бағдарлама барысында «Айман-Шолпан» студиясы оқушылыраның және Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының эстрадалық әншілерінің өнерлері келушілер назарына ұсынылды. Сондай-ақ, қолөнерші Әсел Ерфакқызының, Мирамгүл Жақсылықованың саз балшықтан құмыра жасау шеберлік сағатына көпшілік қызығушылықпен қатысып, ризашылықтарын білдірді.

«Құмыра жасау әдісі  ̶   ұзақ уақыт алатын процесс, ол адамнан ұқыптылық пен жауапкершілікті, табандылықты қажет етеді» дейді қолөнерші өз сөзінде.

2000-нан астам сурет пен қолөнер қойылған музей түнінде қала тұрғындары мен қонақтары, әсіресе жас өрендер арасында сурет салудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында музей залында дайындалған викториналық сұрақтар мен зергерлік, қолөнер, кәдесый бұйымдарының жәрмеңкесі өткізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button