Жарнама
МәдениетЖаңалықтар

Атырауда Халық шығармашылығы орталығының бұрынғы басшысына қатысты түсінік берілді

«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ақылбек Рысқалиев
Халық шығармашылығы орталығының бұрынғы басшысына қатысты түсінік берді» деп хабарлайды
atr.kz

«Бұрынғы директор Б.Сартбаев өз еркімен жұмыстан босатылды.

Негізінде, кез келген мемлекеттік ұйым
жоспарлы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру барысында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, кемінде үш кәсіпкерден коммерциялық ұсынымдар алуы керек.

Аталмыш коммерциялық ұсыным бойынша ең төмен баға ұсынған ЖК «Талант» пен «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 39 бап, 3 тармақ, 46 тармақшасы негізінде тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде келісім-шарт ақпан айында жасақталды.

Көрсетілген қызметтерге қызметі заңмен тыйым салынбаған кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу веб-порталына жарияланатын іс-шараларды өткізу үшін мемлекеттік сатып алуларға қатынасуына заң бойынша яғни, жеке кәсіпкер ретінде қатысуына шектеу жоқ.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 456-1 бабының 2-тармақшасына сәйкес, көрінеу жалған ақпаратты БАҚ-та, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе ҚР заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру жауапкершілікке әкелетінін ескерген жөн» деді спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button