
Атырауда дирижерлар шеруі өтті
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі ұжымының ұйымдастыруымен «Дирижерлер шеруі» өтті.
Шеруде республиканың түкпір-түкпірінен жиналған талантты дирижерлер сахнаның сәнін келтірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Рахат Мадреев,
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов (Астана қаласы), Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы Абыл Тарақұлы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері Бауыржан Көбенғалиев, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрдің дирижеры Арман Жайым, Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Ержан Қитаров және Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижерлері Рахиля Ерғалиева мен оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры Болат Долдашевтар өз өнерлерін көрерменге тарту етті.

Шарада «Әсем қоңыр», «Мұқали», «Бұлбұл ақжелең», «Тиктак» «Бауырлаштарым», «Той күйі», «Сарыарқа» және т.б. шығармалар оркестр нақышына келтіре төгілтті.

Сондай-ақ, керемет кеште республикалық конкурстардың лауреаттары Гүлбану Төлеубергенова, Мырзабек Каримуллаев, Айжарқын Темір, Байбақты Ідірбай, Бақтоты Какимова, Ардақ Айғалиева, Баубек Өмірғали және Берік Амантаевтар өнерлерімен көрерменді тамсандырды. Сахнаны ән мен күйге бөлеп, халықтың қошеметіне ие болды. Оны делебелері қозып, “шап-шапқа” басқан көпшіліктің ілтипатынан білуге болады.
Көрермендер мерекелік көңіл-күйге еніп, бір сәт өзге тірлікті ұмытқандай күй кешті.
Рита ӨТЕУҒАЛИ