
Атырауда 4000-ға жуық жас талант өнер көрсетті
Атырауда үш күнге созылған «Балдәурен» облыстық балалар өнер фестивалі өтті. Ауқымды жоба облыс әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Фестивалге 21 өнер орталығынан барлығы 4 мыңға жуық жас талант қатысып, өнер көрсетті.
–Әр қазақтың баласы еліміздің айбары, елдігіміздің айғағы болып, ұлттық өнерімізді өркендететін бір-бір тұлға болып қалыптасуына тілектеспіз. Қазақ өнері жасай берсін! «Өнерлінің өрісі кең» дегендей, жас өнерпаздардың жолы болып, өнер аспанында қанаты талмасын деген тілектеміз. Бүгінгі бүлдіршін өнерпаздар – ертеңгі болашағымыз, — деді облыстық халық шығармашылығы орталығының шығармашылық бөлім басшысы Алмагүл Отарбайқызы.




Нұрлыгүл ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ